БІРЕУДІҢ КӨЛІГІН БҮЛДІРГЕН АТЫРАУЛЫҚ КАМЕРАҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ

kueune Жаңалықтар

Өзгенің көлігіне соғып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші анықталды.

18 қаңтар күні Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 желісіне Атырау қаласы, Береке мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған маркасы Hyundai Creta көлік құралына маркасы Ваз 2112 маркалы автокөлік соқтығыс жасап, оқиға орнынан белгісіз бағытқа кетіп қалғаны жөнінде хабарлама түскен. Аталған хабарлама бойынша күдікті көлікті іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде, Жедел басқару орталығының бейнекамерасы арқылы аталған автокөліктің  2000 жылы туған жүргізушісі анықталды.

21 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611 бабының 2 бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар әрі қарай шешім қабылдау үшін  әкімшілік сотқа жолданды.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз