ЕХРО туризм аймағы ашылды
ЕХРО — 2017 көрмесіне дайындық және халықаралық деңгейдегі іс-шараны өткізу ішкі жалпы өнімнің 4,3%-ға дейін өсуіне ықпал етті. Соның ішінде, елімізде шығарылған тауар көлемі 70%-ға артты. Бұл туралы «Астана ЕХРО – 2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Парижде өткен халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, ЕХРО көрмесі Қазақстан экономикасы үшін айрықша серпін берген. Халықаралық деңгейдегі шараның елімізде өтуі әсіресе, туристік қызметке деген сұраныстың артқанын байқатып отыр. Бұл саладағы өсім — 78%.
Айта кетелік, күні бүгінде ЕХРО қалашықта туризм аймағы жұмыс істейді. Келушілер «Нұр Әлем» павильоны, әлемдегі 13 елдің жаңғырмалы энергия көздері саласындағы ең үздік 24 жобасы ұсынылған «Үздік тәжірибелер аймағы», тақырыптық павильондар мен Қазақстанның алғаш заманауи өнері саласына арналған «Арт-орталығы» туристік аймағын тамашалай алады.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА