Қоғам қайраткері Жәрдем Кейкин есімі көшеге берілді

df34a0c2 277e 4265 9e21 8cb484d72fdf Қоғам

Енді Нұрсая-3 шағынауданындағы №12 көше мемлекет және қоғам қайраткері Жәрдем Кейкиннің есімімен аталады.

Еңбек жолын Мақат аудандық «Социалистік Ембі» газетінің жауапты хатшысы және Мақат аудандық комсомол комитетінің хатшысы қызметінен бастаған ол бірнеше жауапты лауазымда болып, Кең Жылыой өңірінің өркен жаюына зор үлесін қосқан. 1966 жылдан бастап жеті жыл бойы Гурьев облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1973–1980 жылдары Маңғышлақ облыстық партия комитетінің хатшысы болған.

5731f0c4 8e56 4a95 9ad2 e8d0c17abbca

Жәрдем Салихұлы зейнеткерлікке шыққаннан соң шығармашылыққа бет бұрып, ұлт тарихын зерттеуге атсалысты. Оннан аса кітабы республика баспаларынан жарық көрді. Танымал этнограф-ғалым Жәрдем Кейкиннің еңбектері, ең алдымен қазақ оқырманы, жалпы қазақ қоғамы үшін тәлімі зор, тәрбиесі мол рухани қазыналар қатарынан орын алды. Көшенің ашылу салтанатында мемлекет және қоғам қайраткері Есен Тасқынбаев, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессорБақтыбек Таубаев, көше тұрғындары атынан медицина саласының ардагері Алексей Қуандықовтар сөз алып, әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз