Жарнама
Жаңалықтар

ЕАЭО ҚҰРУ ТУРАЛЫ ИДЕЯ РЕСЕЙДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БӘТУАҒА ИЕ – В.ПУТИН

«Бұл идея Ресейде жалпыұлттық бәтуаға ие. Билiк басында кiмнiң болғандығына қарамастан, ол кезде президент Д.Медведьев болған едi, бiз барлығымыз бұл идеяны белсендi түрде қолдадық. Үкiмет деңгейiнде де бұл жұмысты жалғастырдық. Қол қойылған құжат шын мәнiнде тарихи мәнге ие. Экономиканы дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшiн кең перспективаларды ашады. Ресей, Беларусь және Қазақстан өзара бiрлескен iс-қимылдың жаңа деңгейiне ауысты. Үштiкке мүше мемлекеттер экономиканың негiзгi салалары бойынша энергетикада, өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, көлiк саласында келiсiлген саясатты жүргiзедi», — дедi В.Путин.

«Бiз ТМД кеңiстiгiнде iрi әрi бiрыңғай нарық құрудамыз. Ол 170 миллионнан астам адамды құрайды. Өндiрiстiк, ғылыми және технологиялық әлеуетi зор, табиғи ресурстарға бай. Бұл ұйымға iрi әлемдiк экономикалық ойыншылардың қызығушылық танытып отырғаны бекер емес», — деп қосты Ресей Президентi.

Ербол САРМУРЗИН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button