Джон Дудас — «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесіне басшылық етеді
Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл. Бүгін жалпы дауыс беру арқылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды.
Бұл туралы Atr.kz-ге «Самұрық-Қазына» компаниясының Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болған.
2018 жылғы мамырда қабылданған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қордың директорлар Кеңесінің құрамынан кетті.
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес, Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директорлардың арасынан көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы сайланады
Бұл жаңашылдықтар 2018 жылдың сәуірінде Елбасы мақұлдаған Қордың жаңа даму стратегиясына, сондай-ақ реттеуші функцияларынан меншік иесі ретінде мемлекеттің функцияларын нақты бөлуді көздейтін мемлекет қатысатын компаниялар үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордың Директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз директорлар: Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Джон Дудас және Альпер Акдениз, сондай-ақ президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов және Қор төрағасы Ахметжан Есімов.