Жарнама
Жаңалықтар

Дронмен мониторинг: Атырауда алты аймақта экологиялық заңбұзушылық әшкереленді

Атырау облысында «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Атырау қаласында заңсыз карьерлер мен кездейсоқ қоқыс орындарын анықтау» жобасы іске қосылды. Басты мақсат – өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, заңсыз қоқыс орындары мен карьерлерді анықтап, алдын алу, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 0515

Осыған байланысты Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің қатысуымен жиын өтті. Оған Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, Цифрландыру және архивтер басқармалары, Экология, Полиция департаменттерінің өкілдері қатысты.

Жобаның негізгі бағыты – заңсыз қоқыс орындары мен карьерлерді дрондармен мониторингілеу, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығын нығайту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және заң бұзушылықтардың алдын алу үшін бірлескен тексерулер жүргізу.

-Қалада тұрғын үйлер саны күннен-күнге көбеюде, соған сәйкес құрылыс алаңдарынан шыққан қоқыстардың көп аймақта шашылып жатқанын байқаймыз. Мұның бәрі қаланың сәулетіне кері әсерін тигізеді. Карьерлер мен қоқыс алаңдарын жою балалар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге дрон арқылы мониторингті аудандарда да жалғастыру қажет, — деді облыс әкімінің орынбасары.

img 0513

М.Мурзиев қалаға қарасты округ әкімдеріне елді мекендерде мұндай орындардың болмауын қамтамасыз етуді, сондай-ақ төрт түлік малдың жолға шығуына және егілген ағаштарға зиян келтірмеуі үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.

Алғашқы тексеріс кезінде қалаға қарасты алты аймақта (Еркінқала, Атырау әуежайы, Жұлдыз–Береке, Алғабас–Жаңаталап, Тасқала–Дамба, Ақсай–Бесікті) экологиялық тексерулер өтіп, бірнеше заңбұзушылық анықталды. Деректер облыс әкімі орынбасарының тапсырмасына сәйкес тиісті органдарға жолданып, заң бұзған азаматтар мен мекемелерге шара қолданыламақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button