Атыраулық тұрғын «SmartQalaмен» Мысырға барады

IMG 20190407 164845 Жаңалықтар

Atr.kz/8 сәуір, 2019 жыл. Атырау қалалық әкімдігі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде былтыр шілде айында, электрондық билеттеу жүйесін енгізу жөніндегі «SMART-ЖКХ» ЖШС операторымен және жолаушылар тасымалымен айналысатын 6 мекемемен үш жақты келісім-шартқа қол қойып, қазан айынан бастап қоғамдық көліктерде электрондық билеттеу жүйесін пайдалануды қолданысқа енгізген болатын.

Бүгінгі күні мұнайлы астана тұрғындары арасында  «SmartQala» электрондық жолақысын төлеу жүйесін пайдаланушылар саны күннен күнге артып келеді. 

IMG 20190407 164233

Атырау қалалық әкімдігі және «SMART-ЖКХ» ЖШС тұрғындардың күнделікті пайдаланатын қоғамдық көліктегі енгізілген заманауи жаңашылдықты қолданушыларды қолдау мақсатында «SmartQala» электрондық төлем карталарын пайдаланушылар арасында ұтыс лотереясын ұйымдастырды.

Құрманғазы мәдениет сарайында өткен осы шараға жиналғандардың қарасы мол болды. Алдымен осы шараны ұйымдастыруға мұрындық болған «Атырау Автопарк», «Картель» ЖШС,  «QIWI» төлем сервисі,  Бақылау-тексеру қызметі мекемелері атынан «Смарт Атырау» коммуналды мемлекеттік мекемесінің директоры Әділбек Тәнқиев сөйлеп, қоғамдық көліктегі электрондық билеттің осы пилоттық жобасы жолаушылар көлігінің экономикалық тиімділігін арттыратындығын және көрсетілетін қызметтердің санын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді.

IMG 20190407 164845

Осыдан соң,  жиынға келуші «SmartQala» картасы иелерінің  картадағы басыбайлы номерлері жазылған қағаздары лотерея жәшігіне салынып, араластырылды.   Алдымен, «Картель» ЖШС,  «QIWI» төлем сервисі,  Бақылау-тексеру қызметі мекемемелері ұсынған  35 ұтыс сыйлығының иегерлері анықталды.  Одан соң, «Смарт Атырау» мекемесі 20 тұрғынға 5 мың теңгелік «SmartQala» картасын толтыруға арналған сертификаттар табыстады.  Арасында ұтыстан дәмелілерді сергіту мақсатында сахна төрінде жергілікті өнерпаздардың орындауындағы ән мен би шашулары да алма кезек орын алып отырды. Келесі кезекте, бірнеше тұрмыстық заттар, 4 дана шаңсорғыш, 10-нан астам планшет, 5 смарт сағат, 3 қысқа толқынды пеш, 5 теледидар  ұтыстарының қожалары саханаға шығып, мүліктерін меншіктеді.

Ал, бұл күнгі негізгі ұтыс Египет еліндегі Шарм-эль-Шейх қаласына баратын  екі адамға арналған жеті күндік туристік жолдама болатын. Осы негізгі сәтте сахна төріне Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев пен белгілі қазақ эстрада әншісі Алтынай Жорабаевлар шығып, Ұлықбек Серікұлы осы тамаша бастаманың іске асырыла бастағанына қолдау білдіріп отырған тұрғындарға алғысын білдіріп, осы жобаның өміршең болуына ықпал  жасауды молайтуға шақырды. Осыдан соң, жолдама иесін анықтау құрметі  Алтынайға жолданып, әнші Шарм-эль-Шейх қаласына Шынаргүл Смадиярова баратындығын анықтап берді.

IMG 20190407 143945

 Атырау қаласындағы Бизнес және құқық колледжінде қарапайым қызметкер болып жасайтын 48 жастағы Шынаргүл бұйырса, мамыра айының соңында Мысыр еліндегі бес жұлдызды қонақ үйде қонақтап қайтады.

Кеш соңында көрермендер Алтынай Жорабаеваның бір топ арнау өлеңіне сусындап, тамаша көңіл-күймен тарқасты.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ.

Суреттер автордікі.

IMG 20190407 164821
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз