Жаңалықтар
Доллар бағамы рекордтық деңгейге түсті
14 сәуір күні Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгілік сауда сессиясы 310,99 теңгені құрады. Өткен саудамен салыстырғанда ұлттық валюта 0,72 теңгеге қымбаттаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Еуро бағамы өз деңгейін сақтап қалды — 332,2 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметтеріне сәйкес, Алматының айырбас нүктелерінде доллар 312,5 теңгеге сатылып жатыр (максималды бағасы).
Ал америкалық валютаны сатып алудың минималды бағасы долларына 306,8 теңге болды.