2004082036212059g 1

Ел бойынша 1267: Атырауда коронавируспен 70-ші адам тіркелді

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/15 сәуір, 2020 жыл.  Атырауда тіркелген 70-ші адам 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Ер азамат бұған дейін инфекцияға шалдыққан адаммен байланыста болған.

Қазіргі таңда науқас инфекциондық стационарға жатқызылды. Онымен қарым-қатынас жасағандар оқшауланып жатыр.

Бүгінде Атырауда қауіпті дерттен 12 адам жазылып шықты.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырауда 58 адам инфекциондық стационарда, 17 адам провизорлық стационарда жатыр.

Карантиндік стационарға 406 атыраулық жатқызылды. Үйде оқшауланғандар саны – 819.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған