Құрманғазылық кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұмыспен қамтып отыр

photo 2023 02 01 15 15 43 Жаңалықтар

Ауданда жеке кәсібін ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың бірі «Нұршуақ мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсара Кайырленова. Кәсіпкер 2013 жылдан бастап тігіншілікпен айналысып, қазіргі кезде ауданда екі тегін шеберханасын ашып отыр, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде ол екі тігінші, бір механик және бағдарлама арқылы екі жас маманды жұмыспен қамтып отыр. Тігін шеберханасы арнайы тапсырыспен киім-кешек, көрпе-жастық және басқа да дүниелер тігумен айналысады. Г. Кайырленованың айтуынша, ол І және ІІ топ мүгедегі бар қыз-келіншектерді, жалғызбасты аналарды бірінші кезекте жұмысқа алған. 

-Он жылға жуық осы кәсіппен айналысып келемін. Өзіміз тіккен дүниені сататын арнайы орнымыз болмаса да, тігін студиясына келген жандарға ұсынсақ бірден сатып алып кетеді. Өз тарапымыздан мүгедектігі бар қыз-келіншектерге тегін тігін оқыту курсын ашып, оларды оқытып, қазіргі кезде өз кәсіптерін үйден ашуда. Әр жұмада мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсетеміз. Алдағы жоспарымызда тігін нүктелерін көбейтіп, жаңа жұмысшыларды қатарға қосу ойда бар,- деді Г. Кайырленова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз