
ЖаңалықтарЭкономика
Дипломмен ауылға аттанып жатқандар бар ма?
«Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді», — деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
— Биыл «Дипломмен ауылға» жобасы аясында әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 3 маманға бюджеттік несие берілді. Бұған қоса 14 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы төленді, — деді Марат Мурзиев.
Сонымен қатар биыл Исатай ауданына 21 жас маман келген. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік қызметкер болса, үшеуі жоғары білімді дәрігер. Ал 13 жас маман білім саласының қызметкерлері.