САҒЫЗҒА АРНАЙЫ ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ

Желтоқсан – көптеген мерекелер айы. Осыған орай жолаушыларға жайлы, әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша пойыздар шығарды. Бұл туралы бізге аталған акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен, ағымдағы жылдың қараша айының 29-ынан бастап желтоқсанның 27-іне дейін №630/639 «Атырау-Сағыз» бағытында кестеге сәйкес пойыз қатынайтыны белгілі болды. Маршруттардың жүру уақытын мамандар темір жол билеттерін сататын кассалардан білуге болатынын айтады. Бұдан басқа Маңғышлақ-Бейнеу, Семей-Аягөз бағытында да осындай пойыздар қатынамақ.

 

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз