Диктант жаз да, ұтысқа ие бол!

11baf94f 7eff 4dda 8abe 9eb4a015e2bd Жаңалықтар

Еліміздегі үздік  ақпарат агенттіктерінің бірі Stan.kz сайты биылғы жылдың 15 желтоқсан күні таңғы 08:00 мен  20:00 аралығында онлайн-диктант өткізеді, деп хабарлайды  atr.kz

Қазақстан тұрғындарын қазақ тілін білуге қызықтыру, қазақ тілділерді өз тілінде сауатты болуға шақыру мақсатындағы шара биыл екінші мәрте ұйымдастырылуда.

Бір күн бойы өткізілетін онлайн-диктантқа оқушылардан бастап, зейнеткерлерге дейін қатыса алады. Ең сауатты, яғни диктантты «5» деген  бағаға жазған жандарға бағалы сыйлықтар бар. Қазақ тіліндегі сауаты орташа яғни  «4» бағасын алғандарға ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Биыл диктант мәтіні ретінде  жазушы, ақын Бейбіт Сарыбайдың шығармасынан үзінді оқылады. Диктантты тележүргізушілер Мақсат Толықбай, Анна Данченка, Жанат Бақыт оқитын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Асем

    Сауаттылыққа өте қажет шара ұйымдастырып отыр екенсіздер .менің қатысқым келеді .