«Instagram» желісінде – жаңа қызметтер

Instagram 01 Жаңалықтар

«Instagram» желісінде жаңа функциялар пайда болды. Бұл туралы аталған компанияның ресми порталында хабарланды.

instagram-like

Енді «Stories» жүйесіне стикерлерді қосуға болады, бұл достарға әсерлі сәттерді бөлісуге көмектеседі. Уақыты аяқталғанда, арнайы хабарландыру жіберіледі. Сонымен қатар, жарияланған жазбаларға жауап ретінде әуен қосу мүмкіндігі пайда болды. Ол фото не видео қарау кезінде шырқалады, авторы жазбаның бетіне шығады. Ал, онлайн-эфир кезінде қолданушылар сұрақтарын стикерге жазып жібере алады. Осылайша, достардың сұрағы пікір қалдырушылардың арасында жоғалып кетпейді. «Өзіңіздің сүйікті блогеріңізден сән жайлы, мерекелік макияжды қалай жасау керектігін сұраңыз, ол сізге практика жүзінде жауап береді» дейді құрастырушылар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз