ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҒЫЛАУ

Жұма күні облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан ҚР Білім беру ісінің үздігі Рулана Исенғұлованы қабылдады. Ол 60 жасқа толған мерейтой иесінің ел дамуына қосқан игі үлесін жоғары бағалап, жылы лебізін арнады.

– Ұстаздық ету – өте жауапты іс. Ол кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Ал, сіздің аймақтың білім беру саласына сіңірген еңбегіңіз зор. Өз ісіңізге деген адалдығыңыздың, ұзақ жылғы өлшеусіз қызметіңіздің нәтижесінде бірқатар төсбелгілерді кеудеге тақтыңыз. Бүгінге дейін тәрбиелеген шәкірттеріңіз сіз берген біліммен қанаттанып, еліміздің түкпір-түкпірінде жауапты қызметтерде жүр, – деген  Шыңғыс Мұқан аймақ басшысы атынан мерейтой иесіне құттықтау хат пен гүл шоқтарын табыстады.

Сондай-ақ, өз атынан «Қазақ тілін білу мен сөйлеудің қаншалықты маңызды екендігінің 10 себебі» атты кітабын сыйлыққа тарту етті.

Айта кеткен жөн, Рулана Атласқызы бұған дейін Атырау қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның, №30 мектеп-гимназияның директоры қызметін атқарған. Бүгінде қазақ және орыс тілдерінде оқытатын «Тағылым» жекеменшік мектебінің  басшысы. ҚР Білім беру жүйесінің  Құрметті қызметкері, «Ы.Алтынсарин», «Білім көшбасшысы», «Халық мұғалімі» төсбелгілерімен марапатталған.

 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Суретті  түсірген

Әнуар  ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз