Ел егінге жұмылды

Егіншілік жақсы дамыған өңірдің бірі – Индер ауданы. Жергілікті жұрт мал шаруашылығымен қатар осы сала ны да өркендетіп келеді. Бұған аудан шаруагерлерінің айта қаларлықтай жетістіктері куә. Былтыр барлығы 1 515 гектарға егін салып, тым-тәуір табысқа қол жеткізген диқандар биыл егістіктің көлемін 1 565 гектарға дейін көбейтуді көздеп отыр. Осынша алқапта картоп, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар өсіріледі.

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тоғайбай Салахатдиновтың айтуынша, аймақта егіншілікпен айналысатын шаруашылықтардың саны артып келеді.

eginnn

Былтыр бұл көрсеткіш 44 болса, биыл 47-ге өскен. Олардың арасынан «Асыл Агро» (жер көлемі 150 га), «Слава» (100 га), «Шаңырақты» (50 га), «Владимир» (30 га) шаруа қожалықтарын атауға бо лады. Ауданда көктемгі дала жұмыстарына дайындық шаралары ертерек басталған. Жыртылған жерді өңдеуді негізінен «Айсұлтан» шаруа қожалығы атқаруда. Соған байланысты, аудан әкімдігінің иелігіндегі «ХТЗ-150 ТК» және «МТЗ 1221» тракторлары мен басқа да ауыл шаруашылығы техникалары аталған қожалықтың теңгеріміне сенімгерлік басқаруға берілген. Тұқымды делдалсыз жеткізеді – Егіншілікте тәжірибесі бар «Асыл агро» (Жарсуат ауылдық округі), елтайлық «Белес» ШҚ-тары Ресейдің Самара, Қазан қалаларынан өнімділігі жоғары әрі сапалы картоп тұқымын базар бағасынан төмен бәспен сатып алу жөнінде өзара келісім-шарт жаса сып, қажеттерін делдалсыз алуға қол жеткізіп отыр.

 Шаруагерлер болашақта одан мол өнім жинайтындарына сенімді. Сол секілді «Слава», «Индер-Агро» ШҚ және басқа шаруашылық құрылымдары көршілес қырғыз елінен пияз тұқымын алатын бо – л ы п к е л і с т і , – дейді Тоғайбай Салахатдинов. Тамшылатып суаруға талаптылар көп Былтыр 27 шаруашылық тамшыла тып суару тәсілімен жұмыс істеген бола тын. 460 гектар жерге егін екті. Биыл оның аумағын 90 гектарға ұлғайтқан.

Бұдан өзге Көктоғай ауылындағы «Құлыншақ» шаруа қожалығы көпжылдық жоңышқа шөбін жаңбырлатып суару әдісімен өсіруді қолға алып отыр. Тұтастай алғанда, ауданда 15 шаруа қожалығы екпелі мал азығын дайындауға бет бұрған. Бір ғана «Асыл-Агро» ШҚ ның өзі 80 гектарға көпжылдық шөп өсіру мақсатында Түркия мемлекетінің АФКО компаниясынан құны 50 млн. теңге тұратын жаңбырлатып суару құрылғысын сатып алып, Жарсуатқа жеткізіпті.

Каналдарға су келді Бүгінде егінге жұмылған өңірде 30-дан астам шаруашылық құрылымы «Қазсушар» РМК-ның Атырау филиалы  мен суды пайдала ну жөнінде келісім-шартқа о т ы р ғ а н . Б ү г і н д е Бағырлай, Ақсай, Алғабас – Жорық, Қурайлы сай каналдарына су жіберіле бастады. Былтыр Бөдене ауылдық округінің аумағындағы Алғабас – Жорық суару-суландыру жүйесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, 65 шақырым қашықтыққа су толықтай жеткізілді. Енді Бағырлай, Ақсай, Қурайлы сай каналдарын жөндеу үшін жобалық – сметалық құжаттамалары дайын далып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Ауыл шаруашылығы та уар өндірушілерін тұқыммен және тыңайтқышпен, дизель отынымен қамту мәселесі де оң шешімін тапқан. Жеміс-жидекті де өсіреді Егінге жұмылған елдің шаруагерлері көкөніс-бақшамен қоса жеміс-жидекті де өздері өсіруге бел буған. Атап айтқанда, Елтай ауылдық округінен «Нұр-сәт», Жарсуаттан – «Байбақты», Көктоғайдан – «Өркен», сондай-ақ, «Шаңырақты» шаруа қожалықтары әрқайсысы 2-ден 15 гектарға жерге дейін жеміс-жидек түрлерін өсіруді жос парлапты.

Жергілікті жұмыс күшінің тапшылығына байланысты, аудан бой ынша 8 шаруа қожалығы науқандық шараларға тартылатын адамдарды сырт тан әкелуге рұқсат алған. Шаруагерлерді мемлекеттік қолдау жағынан да өңірде игілікті қадамдар жасалып жатқанын тілге тиек еткеніміз артық болмас.

Д.ЛАТИФҰЛЫ

Индер ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз