Жарнама
ЖаңалықтарРеферендум

Демократиялық принциптер нығаяды

Бүгін елімізде аса маңызды саяси науқан Атом электр станциясын туралы референдум өтуде. Бұл күннің маңыздылығы бірнеше аспектілерден тұрады. Ең алдымен халықтың сайлау учаскесіне барып дауыс беруі. АЭС салу сияқты маңызды әрі даулы мәселелерде халықтың пікірі ескеріліп, билік органдары шешім қабылдауда азаматтардың ойын назарға алуға мүмкіндік алады. Бұл демократиялық принциптерді нығайтады және халықтың үкіметке деген сенімін арттырады.

Содан кейін экологиялық қауіпсіздігі. АЭС – экологиялық жағынан үлкен жауапкершілікті талап ететін нысан. Егер қауіпсіздік шаралары толық сақталмаса, экологиялық апатқа алып келуі мүмкін. Сондықтан референдум арқылы халық АЭС салудың экологиялық тәуекелдері мен оның салдарын бағалап, шешім қабылдай алады.

Үшіншіден энергетикалық тәуелсіздік және экономикалық тиімділік. АЭС – елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, электр энергиясын қолжетімді етуге септігін тигізетін технология. Ол көмір және мұнай сияқты ресурстарға тәуелділікті азайтып, ұзақ мерзімді экономикалық тиімділікті арттыруы мүмкін. Референдум осы мәселені талқылауға, оның ел экономикасына әсерін бағалауға мүмкіндік береді.

Референдум осы шешімді қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын ескере отырып қабылдауға ықпал етеді Осылайша, АЭС туралы референдум – елдің болашағына қатысты шешім қабылдауда халықтың даусын естуге, экологиялық және экономикалық факторларды ескеруге, әрі жауапты және саналы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық құрал.

Дүйсенбек ҚҰЛЖАНОВ
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button