Жарнама
Жаңалықтар

ДАЛА ӘУЕНДЕРІ – ЮНЕСКО БАС ПӘТЕРІНДЕ

Тәуелсіздік күні қарсаңында, яғни, 15 желтоқсанда Париж қаласында орналасқан ЮНЕСКО бас пәтерінде үлкен концерт өтпекші. Мәдени шараға БҰҰ –ның білім, ғылым және мәдениет мәселелеріне қатысты мемлекеттер өкілдері арнайы шақырылған. Бұл шара қараша айының  соңында жасақталған «Қазақтың ұлттық домбырасында күй орындау өнерінің» және «Қазақ және қырғыз киіз үйлерін (түрік көшпелі халықтарының) дайындаудың дәстүрлі білімі және шеберлігінің» адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезетантивтік тізіміне енгізілуіне арналған, — дейді облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Айта кетсек, 16 желтоқсанда Дина Нұрпейісова атындағы қазақ ұлттық аспаптар академиялық оркестрі Франция Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен өтетін Қазақстан Республикасының Тәулсіздігі күніне арналған шараларға да қатысады. Естеріңізге сала кетелік, бұл биылғы жылы Еуропа елдеріне екінші рет жасалған гастрольдік сапар болып отыр. Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында аталған оркестр ұжымы Түркия, Германия және Австрия елдерінде де болып, өнер көрсетті.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button