Атырауда «Үздік әлеуметтік жобалар» байқауы өтті

img 20210316 wa0093 Жаңалықтар


2020 жылдың қараша айынан бастап «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі «Н.Назарбаев қорының» қолдауымен «BilimAL» жобасын жүзеге асырып келеді.

«BilimАL» жобасы – балалар мен жасөспірімдердің мүдделері мен қажеттіліктерін анықтау арқылы кәсіби-еңбекке оқыту және кәсіптік бағдар беру, кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталады. Қоғамдық бірлестік жобаны жүзеге асыру барысында Атырау облысы мен Атырау қаласы бойынша балалар мен жасөспірімдерді бейресми білім беру форматында әлеуметтік кәсіпкерлікке және волонтерлікке оқытуды ұйымдастыруда.

Жобаны ұйымдастырушы, «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі төрайымы Арайлым Бағытжанқызының айтуынша, «BilimAl» жобасы балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік кәсіпкерліктің мәнін ұғындырып, тренингтер арқылы дамытуды, бесресми білім беру арқылы ойлау деңгейлерін жоғарылатып, ауылдық елдімекен жастарын дамытуды, Атырау қаласы және аудандарында болып, жасөспірімдермен кездесіп, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, білімдерін арттыруды, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, жетім, көпбалалы отбасыдан немесе осал топтан шыққан балаларға ерекше басымдылық беріп, олардың өмірге деген құлшыныстарын арттыруды, балалар мен жасөспірімдерді волонтерлікке үйретуді, балалар мен жасөспірімдердің тың идеяларының жүзеге асуына мүмкіндік жасауды, тренингтен өткен жастар арасында идеяларын жүзеге асыруға қолдау білдіруді, әлеуметтік кәсіпкерлікке бетбұрған жастарға қолдау танытып, жоба жазуды, жобаны қорғауға үйретуді мақсат етеді.

img 20210316 wa0087

Аталған бағдарлама аясында Атырау қаласында, Индер, Махамбет аудандарында жастар мен жасөспірімдерге арналған тренингтер ұйымдастырылып, волонтерлік қызмет және әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбында бірнеше кездесулер өткізілді. Жоба авторының сөзіне сүйенсек, бағдарлама негізінде 300-ге тарта қала және ауылдық елдімекендердегі жастар мен жасөспірімдерге арналған тренингтер ұйымдастырылатын болады.

Өткен аптада жоба негізінде Атыра қаласында «Үздік әлеуметтік жобалар» байқауы ұйымдастырылып, жастар мен жасөспірімдер әлеуметтік идеяларын ұсынып, байқауда бақ сынады. Үздік деп танылған әлеуметтік жоба авторлары 100 000 теңге, 50 000 теңге, 30 000 теңге көлемінде сертификаттармен марапатталды.

– Басты мақсат жастар мен жасөспірімдердің идеяларын қолдау, әсіресе әлеуметтік жобаларын қолдау болып табылады. Байқау қатысушылар үшін өте пайдалы болды. Жастайынан әділқазылар алқасының алдында презентация жасап, жобаларын қорғауды, көпшілік алдында сөйлеуді меңгеруге мүмкіндік алды. Жеңіске жеткен үздік танылған жобалар марапатқа да ие болды, – дейді А.Бағытжанқызы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

img 20210316 wa0085
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз