«Цифрлық агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы пайда болды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Цифрлық агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталған мобильды қосымшаның ерекшелігі қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалай алады.
Ол үшін «Play Market» және «App Store» сервистік бағдарламалары арқылы мобильді қосымшаны жүктеп, орнатылғаннан кейін тіркеуден өту қажет. Содан соң, бағалайтын қала мен мекемені таңдайды. Бағалау жолданғаннан кейін Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары өз құзыреті шегінде әрекет етеді.
Қәзіргі уақытта қызмет алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, қала және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының, сондай-ақ, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалай алады.
Енді әрбір азамат көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша кері байланыс бере отырып, Агенттіктің көмегімен мәселесін шеше алады.