Былтыр өңірге аударылған қаржы 100 пайыз игерілді
Бұл туралы баспасөз брифингінде Қаржы басқамасының басшысы Мейіржан Мұқасов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өткен жылдың қорытындысымен жергілікті бюджетке 670 млрд 965 млн теңге жоспарланып, 694 млрд 218,6 млн теңге түсті. Жоспар 103,5 пайызға орындалған. Ал Республикалық бюджет трансферттерінің түсімі 127 млрд 166,2 млн теңге болса, ол 100 пайызға орындалып отыр. Биыл бюджеттің кіріс бөлігі толығымен игерілген.
-Облыс бюджетінің шығыстары өткен жылдың қорытындысымен 95,8 пайызға орындалып, игерілмеген қаражат 29 млрд 482,4 млн теңгені құрады. Ал ондағы Республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер 96,2 пайызға орындалды, игерілмеген қаражат 4 млрд 818 млн теңге. Шығыстардың орындалмауына себеп болып отырған жағдайлар – құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың жобаларына түзету енгізілуінен және жұмыс кестесінен қалыс қалуынан болып отыр. Сондай-ақ былтыр ҚР Үкіметі резерві есебінен 1 млрд 331,3 млн теңге бөлініп, ол толығымен игерілді, — деді М.Мұқасов.
Сонымен қатар облыс бойынша Қаржы басқармасы қала және аудандардың коммуналдық меншігіндегі 122 бірлік мүлікті сатып, бюджетке 94,6 млн теңге қаражат түсірген.
-Өткен жылы коммуналдық мүлікті алу-беру бойынша облыс әкімдігінің 71 қаулысы қабылданып, жалпы құны 12,9 млрд теңгені құрайтын 7 551 бірлік мүлік қабылданып-табысталған. Коммуналдық мүлікті алу-беру бойынша Қаржы басқармасымен №78 бұйрығы қабылданып, жалпы құны 29,7 млрд теңгені құрайтын 4 млн 403 мың 646 бірлік мүлік қабылданып-табысталды. Былтыр есептен шығаруға 272 мыңнан астам бірлік мүлік ұсынылып, олардың 269 мыңнан астамына есептен шығаруға келісім берілді, — деді М.Мұқасов.
Айта кетейкі, Қаржы басқармасы мемлекеттік сатып алулардың Атырау облысы бойынша бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады. Алдыңғы жылы жалпы сомасы 232,1 млрд теңге болатын 386 конкурс ұйымдастырылған. Жалпы ұйымдастырылған конкурстар бойынша шартты үнемдеу 6,8 млрд тенгені құраған.