Бастаманы бірінші тұрғындар қолдаса…

2581 Жаңалықтар

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ,

Парламент  Сенатының депутаты:

2581

– Сарайшық жөнінде бір ғана пікір айтуға болады. Оның қазақ халқының тарихында алатын орнын, кейінгі ұрпаққа қажеттілігін ескере, сезіне отырып, көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Бүгінгі таңда ескі қаланың қалған бөлігін Жайық өзенінің тасып, іргесінің құлауынан сақтау үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру керек. Бұл үлкен іс бір облыстың қолынан келмейді. Сондықтан, оған республика көлемінде мән беріліп, іс-шаралар жасақталуы тиіс. Бастаманы аймақ тұрғындары да қолдаса, алынбайтын қамал жоқ. Мәдениет, қоғам қайраткерлері үн қосса деген тілегіміз бар.

Жағаны бекітуге біраз қаржы қаралыпты. Қажет болған жағдайда қосымша қаражат көзін республикалық бюджеттен бөлуге Парламент Сенаты тарапынан ұсыныс енгізуге дайынбыз. Қалай болған күнде де, Жайық жағасын бекіту жұмыстары кешеуілдемеуі тиіс. Әйтпесе, барымыздан айырылып қалуымыз да ғажап емес.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз