Бүгін Қазақстан алғаш рет Әкелер күні мерекесін атап өтеді

4cd6b194 0720 40b2 b139 fe0c79cf80e0 Жаңалықтар

Бүгін елімізде тұңғыш рет Әкелер күні мерекесі аталып өтеді.

Наурыз айында Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында аталған мерекені бекіту ұсынысы көтерілген болатын. Бастама негізінде Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісіне белгілеу жоспарланды.

Араға екі ай салып, Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды. Тиісінше, мереке ресми бектілді.

Әкелер күнін атап өтуге бастамашы болған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мереке еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етпек.

«Мерекелік күндердің тізбесіне «Әкелер күні» мерекесін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар», – деп мәлім етті министрліктен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз