Атырауда – «Каникул»!

img 20220329 wa0014 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер «Каникул» іс-шарасын өткізуде.

Биыл 25-31 наурыз күндері аралығында Атырау қаласының аумағында балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, олардың қадағалаусыз немесе панасыз қалуының алдын алу, балалардың еңбегін пайдалану, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында  “Каникул” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара кезінде ювеналды полиция қызметкерлері мен қалалық білім беру қызметкерлері бірлесіп қызмет атқарды. Сөйтіп, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерден 29 жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2 бөлімімен (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын-жайдан тыс жерде болуы)  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Одан басқа, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған екі ата-ана анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабымен (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттамалар жасақталды. Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ, ұсақ бұзақылық жасаған бес жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабымен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Каникул» іс-шарасы 31 наурызға дейін жалғасады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз