6 main

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін тестілеуден өту тәртібі

Жаңалықтар

Atr.kz/30 тамыз, 2019 жыл. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің​ 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы»​ қаулысы қабылданған болатын.
​​ ​ ​

​ ​ ​ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы 2017 жылғы 21 ақпандағы​ ​ ​ № 40 бұйрығына сәйкес, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары бекітілді.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Мемлекеттік қызметке қызығушылық білдірген үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы өтініштерін​ тапсыра алады.​ ​
​ ​ ​ ​ ​ Тестілеуге жазылу​ үшін Ережеге​ сәйкес, нысандағы өтінішті тапсырады, яғни тестілеуге қатысу үшін үміткер тиісті нысандағы өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырады және тестілеуге қатысу үшін тапсырған құжаттардың қабылдағаны жөнінде «электрондық үкімет» веб-порталында қалыптастырылатын тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.
Тестілеу бағдарламалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден үміткердің өтінішінде көрсетілгендей «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.
Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес​ нәтижесін алған үміткерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған ​ тестілеу өткендігі туралы сертификат беріледі.​
Тестілеу 3 (үш)​ бағдарламаны қамтиды.
Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына және ​ ​ екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды болып табылады. Ал, заңнаманы білуге арналған тестілеуде төмен нәтиже алған «Б» корпусының лауазымына үміткерлерге мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
​ Заңнамадан және жеке қасиеттерін бағалау тестілеуінен шектік мәннен төмен нәтиже алған үміткер, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін өтуіне жол беріледі.
Тестілеу «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының қызметшісі болып табылатын тестілеу операторының қатысуымен өткізіледі.
Процедураның айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында​ тестілеу залдары мобильді​ байланысты бәсеңдету құралдарымен, үміткерлерді айқындау мақсатында кард-ридерлермен,әрбір жұмыс орны үміткерді фотоға түсіру мақсатында​ және тестілеу процесінің бейне жазбасын жүргізу үшін​ веб-камералармен, видео аудио жазбалармен жабдықталған.
Тестілеудің өткізу тәртібін бұзу (тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді) негіздер болып табылады.
Тестiлеу өткізу басталғанға дейін өзiн нашар сезiнген адамдар ол туралы операторға хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
Атырау облысы бойынша​ жыл басынан бері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тестілеуге өтініш бергендер​ саны – 842 үміткер ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ( оның ішінде, әйелдер саны​ – 518; ерлер саны – 324).
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Оның ішінде:

шектік мәннен жоғары балл жинағандар саны – 300 немесе (35,6 %).Әйелдер -163, ерлер -137;

шектік мәннен төмен балл жинағандар саны – 542 немесе (64,3 %).Әйелдер -241, ерлер-201.

​ ​ ​ Жеке қасиетін бағалау тестілеуіне 366 азамат қатысты. (оның ішінде 50% -дан жоғары балл жинаған – 253 үміткер немесе 69,1%-ды құрайды).
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жыл басынан бері сынақ тестілеуіне келгендер саны -130 үміткерді құрап отыр.


​ ​ ​ Какима НҰРМАҒАМБЕТОВА,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы
.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған