16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

90165f818fc69465f Жаңалықтар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Тәуелсіздік күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 16 желтоқсанда жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

17 және 18 желтоқсан демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен, бұл күндері де мекемелер жұмыс істемейді. Алайда кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 17 желтоқсанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. 19 желтоқсаннан бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кестесі бойынша жұмыс істейді.

Айта кетейік, жұмыс күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істейді. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00 аралығында, ал сенбіде сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз