Бүгін-ертең ХҚО-да кейбір қызметтер көрсетілмейді

vlcsnap 2020 05 19 14h37m04s723 Жаңалықтар

9-10 маусым халыққа қызмет көрсету орталықтарында техникалық жұмыстарға байланысты кейбір қызметтер көрсетілмейді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметі.

«Ішкі істер министрілігінің ақпараттық-өндірістік орталығы техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған байланысты 9 маусым сағат 14:00-ден 10 маусым сағат 18:00-ге дейін еліміздің бүкіл халыққа қызмет көрсету орталықтарында кей қызметтерді алуға өтінім қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, бүгін-ертең мына қызметтер қолжетімсіз болады:

– Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету;

– Еңбек иммигранты ретінде көшіп келушіге рұқсат беру, мерзімді ұзарту және кері қайтарып алу;

– Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру;

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұруға құжат ресімдеу.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз