БАЛЫҚ ТАСЫҒАН КӨЛІК АТЫРАУЛЫҚ ШЕКАРАШЫЛАРДЫҢ КҮДІГІНЕ ІЛІНДІ

img 20220123 wa0040 Жаңалықтар

Шекарашылар заңсыздықтың жолын кесті.

Шекарашылар заңсыздықтың жолын кесті. ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты «Құрманғазы» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімшесінде «Шардара -Красный Яр» бағытындағы заң бұзған Қазақстан азаматы құрықталды. Тексеру барысында «Дав» көлігінің тіркемесіндегі жүкпен құжаттың арасында айырмашылық болғанын шекарашылар анықтаған. Белгілі болғандай жүк көлігінің иесі құжатта көрсетілген жүк салмағынан 1 тонна жуық артық салмақ болғаны белгілі болды. Қарап тексеру барасында 1000 келіден астам заңсыз балықты жасырып өтпек болғаны анықталды.

Заң бұзған азаматқа әкімшілік құқық бұзушылықтың 389 бабы 1 тармағы бойынша 10 айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Оқиға орнына атырау облысы бойынша балық қорғау инспекциясы шақыртылып хаттама толтырылды. Балық қорғау инспекциясының тексеруімен 800 000 тг жуық айыппұл салынды.

Өмірбат АЙТӘЛІ,

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің ақпарат бөлімінің офицері

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз