Жарнама
Жаңалықтар

Бүгін Атырауда ауа жоғары деңгейде ластанады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 24 тамыз, бейсенбі күні Атырау, Өскемен, Риддер және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

Синоптиктердің айтуынша, бұл қалаларда ауаның ластану деңгейі жоғарылайды.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райы күрт өзгеретінін айтқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button