Атырауда жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты

img 20141009131356 197 Жаңалықтар

Атырауда жол-көлік оқиғасынан екі жүргізуші қаза тапты. Қайғылы жағдай 9 қыркүйек күні таңғы жетіде Жылыой ауданының «Құлсары – Теңіз» жолында орын алған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

img-20141009131356-197

Департаменттің хабарлауынша, «Kia Rio» және «Toyota» маркалы автокөліктер бір-бірімен соқтығысқан. Салдарынан, екі көліктің де жүргізушілері, яғни 29 және 30 жастағы Жылыой ауданының тұрғындары, көз жұмыпты. Анықталған ақпарат бойынша, көліктерде жолаушылар болмаған.

Бүгінде Қылмыстық Кодекстің 345 бабы, төртінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз