Геолог ауылында пионерболдан және волейболдан жарыс өтті

IMG 20190812 WA0004 Жаңалықтар

Atr.kz/13 тамыз, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Геолог ауылының тұрғыны, жекпе-жек федерациясының құрметті президенті Руслан Күмісқалиев өз қаражатына ауыл  саябағында  Жастар жылына орай пионерболдан және волейболдан жарыс өткізді.

 Жастарға қуанышты көңіл-күй мен қызықты ойын сәттерін сыйлаған жарысқа негізінен  жергілікті жердің балаларынан құралған 9 команда және Аққыстау ауылынан келген қыздар тобы қатысты.

Жарыс қорытындысында 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдердің арасында өткізілген пионербол ойынында «Батыс 06» командасы бірінші, «Геолог жастары» командасы екінші орын иеленді. Ал, үшінші жүлде «Аққу» командасына бұйырды.

Ойындарды тамашалауға жиналған ауыл тұрғындарының делебесін қыздырған волейбол бәсекесінде финалға «Геолог»  және «Аққыстау» командалары шығып, тобында жігіттер жағы басымдау «Геолог» командасы мәрттік танытып кіл бұрымдылардан құралған қонақтарға бас жүлдені ойынсыз-ақ сыйлай салды. Осылайша, аққыстаулықтар жеңімпаз атанды. Ал, қола жүлдені  «Барыс» командасы жеңіп алды. Сөйтіп, Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамота-медальдарымен марапатталған болатын.

IMG 20190812 WA0002
IMG 20190812 WA0001

Мұратбек ЖАҢАБАЙ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз