Жарнама
Жаңалықтар

Браконьерлікпен күрес: 2 200-ден астам құқықбұзушылық анықталды

Балық шаруашылығын қорғау заңнамасы бұзылуының алдын алу жұмыстарын Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы Жайық-Каспий бассейні су қоймаларының қызметкерлері атқарды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

222

Атқарылған шаралардың нәтижесінде былтыр 2200-ден астам құқықбұзушылыққа тосқауыл қойылып, өрескел заңбұзушылық белгілері бар 141 хаттама сотқа жолданды. Ал қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен 13 тұлғаға қатысты 10 іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Тәртіп бұзушыларға 29,2 млн. теңге айыппұл салынды. Оның 25,4 млн. теңге мемлекет бюджетіне қайтарылды. 29 адам балық шаруашылығына 6,8 млн. теңге залал келтіргені үшін сотқа тартылды.

444

Заңсыз айналымнан 4 тонна 638 келі балық (оның 383 келісі бекіре тұқымдастар), 2 800-ден астам аулау құралы, сондай-ақ, 100 шақты жүзу және көлік құралы тәркіленді.

Айта кету керек, инспекция мамандарының көмегімен Атырау облысында 104,5 миллион, ал Батыс Қазақстан облысында құтқарылған 26,3 миллион шабақтың табиғи ортасына жіберілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button