Атырау – Құрманғазы бағытындағы пойыз іске қосылады

poezd kazahstan Жаңалықтар

«Қазіргі таңда пойыз эксперименталды кезеңнен толық өтті» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау магистарльдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаровтың айтуынша,
Атырау облыстық әкімдігі және Қазақстан темір жолы компаниясының бастамасымен іске қосылған жоба бойынша қазіргі таңда келісім шарттарға қол қою күтілуде.

Бұл туралы бүгін Атырау облыстық мәслихатының сессиясында белгілі болды.

Атырау қаласынан шығатын пойыз Исатай, Құрманғазы аудандарындағы әр разъездке тоқтайды.

Құрманғазы ауданындағы Дина Нұрпейісова бекеті ең соңғы разъезд.

Кешкі сағат 18.00-де Атырау қаласынан шығатын поезд түнгі 01.00-де соңғы бекетке барады.

Атырау қаласына қайтар уақыты түнгі сағат 02.00. Облыс орталығына пойыз таңғы 9.00-де жетеді.

Жалпы үш вагон шығарылып отырған пойыз күн сайын жүреді.

» Бірінші нүктеден ең соңғы нүктеге дейінгі қарастырылып отырған сома – 1200 теңге. Бұл тұрғындар үшін қолжетімді сома боларына сенеміз» дейді Атырау магистарльдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаров.

Гүлжан Әмірова, Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз