Атырауда соғыс ардагері Қабдыраш Биғамбаевты еске алуға арналған турнир өтті (+ФОТОРЕПОРТАЖ)
Аtr.kz/13 мамыр, 2019 жыл. Атырау қаласындағы «Нұрсая» спорт кешенінде Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер министрлігінің ардагері Қабдыраш Биғамбаевты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Осыменен оныншы рет өткізіліп тұрған бұл жарысқа биылғы жылы Атырау қаласы және аудандарынан жиналған спортшылардан бөлек Калмыкия, Дағыстан, Шешен Республикалары және Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан, барлығы 300-ден астам жас балуандар қатысты.
Сайыстың ашылу салтанатында спортшылар алдында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, ішкі істер саласының ардагері Есет Өтесінов, спорт ардагері Мәлік Биғамбаевтар сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде Нұрберген Амандықұлы (23 кг, Индер), Нұрмұханбет Жәнібекұлы (26 кг, Атырау-1), Мұхаммад Демешов (29 кг, Дағыстан), Мейрамхан Сайын (32 кг, Түркістан), Бекнұр Қойшыбай (35 кг, Индер), Ержан Серік (38 кг, Тасқала), Әл-Фараби Аманғали (41 кг, Құлсары), Саид Бараханов (44 кг, Шешенстан), Азамат Жарасов (48 кг, Ақтөбе), Еркебұлан Шагиров (52 кг, Тасқала), Жалғас Сансызбай (57 кг, Индер), Тұрар Төлегендер (57+ кг, Атырау-1) өз салмақтарында жеңімпаз атанды.
Мұратбек ЖАҢАБАЙ
Суреттер “Фейсбуктегі” “Atyrau Sport” парақшасынан алынды