Блок бекеттен кімдер және қандай жағдайда өте алады?

1583235334 9ca48cab 6a5b 4fff 9877 8ebf8d7fa1fb 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. Атырау қаласының аумағында әрекет ететін блок-бекеттерден өту ЕРЕЖЕСІ.

Атырау облысындағы төтенше жағдай режимі кезінде қабылданған шараларды орындау бойынша жедел штабтың жұмыс тобының (әрі қарай – жедел штаб) 2020 жылғы «5» сәуірдегі отырысының №1 хаттамасындағы 1 тармаққа сәйкес карантиндік аймақтан (блок-бекеттер) тыс жерлерге міндетті түрде тіркеліп кедергісіз өту үшін (ілеспе құжаттарды тексеру, техникалық құрал санын есепке алу, олардың өту уақыты, қозғалыс маршруты және қажет болған жағдайда оралу уақыты) және санитарлық-карантиндік шараларды өткізу, термометриялық және санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізуге

ҚҰҚЫҒЫ БАР:

  1. Арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен автотранспорт құралдары, жедел жәрдем бригадасы, апаттық-құтқару қызметі және өрт сөндіру қызметі, ветеринария, коммуналдық апаттық қызметтер, электр, газ, су, жылумен қамту және телекоммуникациялық қызметтің апаттық бригадасы.
  2. Тек ғана жүк тасымалын іске асыратын жүк көлігі, оның ішінде азық-түлік өнімдерінің транзиті, (жануар текті азықты қоса алғанда), медикаменттер, жанар-жағармай материалдары, құрылыс материалдары, медициналық препараттар және бұйымдар, медициналық жабдықтар, қорғаныш, гигиена құралдары және азық-түлік тауарлары, сондай-ақ, өмірлік қажеттілік тудыратын және өндірістік қажеттілік үшін ілеспе құжаттары мен жүкті растайтын құжаттары басқа материалдар;
  3. Жедел штабпен келісілген ерекше қауіпті және маңызды стратегиялық объектілерді күзету қызметін ұсынатын жеке күзет фирмаларының қызметкерлері мен көлік құралдары;
  4. Инкассация қызметінің көлік құралдары;
  5. Атырау қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шығу кезінде термометрия процедурасын, анкета толтыруды және 14 күндік үй карантинін сақтау бойынша қолхат беруді міндетті түрде сақтай отырып;
  6. Карантин жарияланғанға дейін ерте келген Атырау қаласына тиесілі емес Қазақстан Республикасының өзге аймақтарының тұрғындары Атырау қаласынан көлік құралдарымен шығарда жедел штабтың atyraushtab06@mail.ru электронды поштасына жазбаша өтініш жазуы арқылы келіседі;
  7. Қазақстан Республикасына ерте кірген шет мемлекеттердің азаматтары Атырау қаласынан шығарда;
  8. Атырау қаласында орналасқан пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеп шыққан және карантиндік аймақтан тыс тұратын тұлғалар өздерінің тұрақты тіркелген орындарына бару үшін – бас бостандығынан айрылған жерлерден босап шығу анықтамасын көрсеткен жағдайда;
  9. Қайтыс болған адамның мүрдесін жерлеу орнына апара жатқан саны сегізден аспайтын жеке тұлғалар және тиісті растайтын құжаттары бар үш көлік құралдары;
  10. Растайтын тиісті медициналық құжаттары бар Атырау қаласына кіретін және шығатын медициналық көрсетілімдері бар облыс тұрғындары;
  11. Пойыз және локомотив бригадаларының мүшелері, сондай-ақ, теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын тұлғалар, (қызметтік куәліктерін, жеке куәліктерін көрсету арқылы және жұмыс орнынан анықтама);
  12. Атырау облысының жедел штабымен келісілген – Ерекше жағдайларда.

Осы айтылғандардан тыс жағдайларда орнатылған блок-бекеттерден өтуге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ салынады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз