Интернет-дәріхана – қауіпті

knf rus Жаңалықтар

Жұртшылық дәрілік заттар туралы ақпарат алу үшін ғаламтордағы сайттарға жүгінеді. Осы орайда Қазақстанның Ұлттық Дәрілік Формуляры сайты қолданысқа енгізілді. Қазір сайт толыға түсуде.  www.knf.kz сайты бойынша қарауға болады.  Әлем елдеріндегідей, аталмыш сайтта дәрілік зат топтарының сипаттамасы қолданушыларға фармакология тобына препараттың тиістілігінің жалпы түсініктемесі бойынша қосымша ақпараттармен, айырмашылықтармен берілген.

knf-rus

Қазіргі таңда интернет-дәріхана қызметі елімізде кең етек жайып кеткені соншалық, тұтынушы үйде отырып бағаларды салыстыру, тапсырыс беру, төмен бағада үйге алғызу мүмкіндіктеріне ие болды. Интернет-дәріхана көптеген жеңілдік береді. Артықшылықтарымен қатар жасырын тәуекелі мен қатері де бар. Өйткені, интернетте лицензиясыз айналысатындар толып кетті. Мүмкін, сәйкесінше мұндай дәріханалар контрафактілік немесе «Қауіпсіздік және сапа қорытындысы» жоқ дәрілік заттар сатуы әбден мүмкін. Бұдан басқа, кейбір интернет-дәріханалар жеке және қаржылық деректерді сенімді сақтамауы мүмкін. Бұл интернет желісін қолданушының электронды есепшоттарынан басқа адамдардың алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты түсіріп алуына әкеледі. Кейбір интернет-дәріханалар  өзінің мекен-жайы мен телефон нөмірлерін құпия ұстайды, бұл даулы сұрақтарды және туындаған мәселелерді шешуді немесе арыз-шағым жазуды қиындатады.

Тұтынушының денсаулығына кері әсер ететін рецептпен босатылуы тиіс дәрілік заттарды жасырын интернет-дәріханалар рецепт сұрамай-ақ босатады. Сонымен қатар, бақылауға алынған дәрілік заттарды заңсыз сату қаупі де бар.

Дүние жүзінің көптеген елінде интернет-дәріханаларға рұқсат берілмеген, ал, рұқсат берген елдерде фармацевтикалық қызметке рұқсаты бар дәріханалар бөлшек саудада сатуға рұқсат етілген дәрілік заттарды ғана сата алады.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз