Атырауда өткен веложарысқа 1500 тұрғын қатысты (ФОТО)

WhatsApp Image 2018 04 30 at 13.23.29 1 Жаңалықтар

Атырауда «Bike Ride Atyrau – 2018» қайырымдылық веложарысына 1500 тұрғын қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-04-30 at 13.23.10

Осы шарадан кейін біздің өңірдегі велоспорт бұрынғыдан да белсенді дамиды деген ойдамыз,-дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Сағындық Лұқпанов.

WhatsApp Image 2018-04-30 at 13.23.14

Ұйымдастырушылардың айтуынша, онлайн тіркеуден 900-ден астам қатысушы өткен еді. Бұдан бөлек, жарыс басталар уақытта 600 адам тіркелген.

Веложарысты қолдауға астаналық «Astana Pro Team» командасы және олимпиада чемпиондары Александр Винокуров пен Илья Ильин қатысты.

WhatsApp Image 2018-04-30 at 13.23.08 (1)

Қатысушылар осынша көп болады деп ойламадым. Қайырымдылық аукционы кешке өтеді,  сол жерде 4 коллекциялық велосипед пен біздің команданың аксессуарлары ойнатылады, – дейді Александр Винокуров.

WhatsApp Image 2018-04-30 at 13.23.29 (1)

WhatsApp Image 2018-04-30 at 13.23.23

Веложарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздар бес аталым бойынша марапатталды. Олар ең жасы үлкен қатысушы 66 жастағы Ғимран Ақботин, ең жас қатысушы 4 жастағы Айя Саламат.

WhatsApp Image 2018-04-30 at 13.23.22

Сондай-ақ, алты адамнан құралған Бисалиевтер отбасы «Спортшылар отбасы» аталымын жеңіп алды. Ал ең креативті велосипедтің иесі Бақытжан Шайхиев болса, Марат Наурызғалиев ең креативті киім иесі атанды. Барлық жүлдегерлерге велосипед берілді.

WhatsApp Image 2018-04-30 at 13.23.11

Жеңімпаздарды марапаттау шарасынан кейін Сұлтан Бейбарыс алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Бағдарлама арнайы осы шараға орай жазылған әнұранмен қорытындыланды.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз