Жарнама
Жаңалықтар

Бизнес иелеріне арналған «ашық есік күні» өтті

Атыраулық кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлері туралы кеңінен ақпарат алды. Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Атырау филиалында жергілікті бизнес иелеріне арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Мамандардың айтуынша, қордың басты мақсаты – кәсіпкерлерге берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін азайту. Сол себепті, бизнес иелеріне арналған бірыңғай кешенді бағдарлама да осы бағытта жұмыс істейді. Айталық, субсидиялау бойынша кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктердегі несиелерінің пайыздық мөлшерлемесінің белгілі бір бөлігін қор өтейді. Ал, қазіргі қаржы ұйымдарындағы пайыздық мөлшемелердің 20 пайыздан кем болмайтынын ескерсек, қордың бұл бағыты бизнесті дамытуға үлкен көмек болары сөзсіз. Жыл басынан бері қор филиалы арқылы 24,3 млрд.теңгеге жергілікті кәсіп иелерінің несиелері субсидияланған. 

–Дәстүрлі түрде өткізілетін «ашық есік күнінің» мақсаты – кәсіпкерлерге банк пен қордың «өнімдерін» таныстыру. Осы жерде «бір терезе» қағидаты арқылы екі тараптың да кеңес алуына ықпал ету. Баршамызға белгілі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мемлекеттің бизнесті қолдау бағытындағы бағдарламаларының операторы болып табылады. Оның ішінде пайызды төмендету, кепілге көмектесуге арналған бағдарламаларымыз бар,-деген «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Атырау филиалының директоры Нұрбол Құрман биыл қордың бағдарламаларына өзгеріс енгенін де атап айтты. Бұл жаңашылдықтың барлығы да кәсіпкерлерге қолайлы болу үшін жасалынып отыр. Мәселен, кепіл мен субсидия беру мерзімдері ұзарған. Яғни, құжаттарды рәсімдеу кезінде кейбір процедуралар жеңілдетілген.

Айбөпе САБЫРОВА

Суретті түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button