Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматыға келді

9671531 Жаңалықтар

Atr.kz/ 26 наурыз, 2019 жыл. Алматыға келген Нұрсұлтан Назарбаевты жастар гүлмен қарсы алып, Елбасыға алғыс білдірді.

Елбасын қарсы алуға G-38 студенттік ұйымдарына мүше жоғары оқу орындарының екі мыңға жуық студенті келді.

Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға көрсеткен қолдауы мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Елбасы да өзін құрметпен қарсы алған жастарға ризашылығы мен тілегін жеткізді.

«Сендер бақытты жансыңдар: әсем қалада оқисыңдар, әлемге әйгілі елде өмір сүресіңдер. Қазақстан – біздің Отанымыз. Біздің міндетіміз – Тәуелсіздікті сақтау. Баршаңызға зор денсаулық пен жарқын болашақ тілеймін» деді Нұрсұлтан Назарбаев студенттерге.

Дереккөз: Ақорданың ресми сайты

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз