БІЗДІҢ БАЙРАҒЫМЫЗ
Этножурналистиканы дамыта отырып, ел бірлігін нығайтуға үлес қосуды көздейтін идеологиялық мәні зор конкурс аясында біздің облыстық «Атырау» газетінің қоғамдық-саяси бөлімі меңгерушісі Баян Жанұзақова (төменгі суретте) ынталандыру сыйлығын иеленді.
Сол күні Атырауда газетіміздің тағы бір журналисі Мәлике Қуанышева (суретте)қоғамдық тұрақтылықты сақтау, елді ынтымаққа шақыру бағытындағы мазмұнды мақалалары үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сайып келгенде, мұның барлығы – «Атырау» газетінің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
«Атырау» газеті Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдығына орай, биылғы жыл басынан «Бірлігіміз жарасқан» қосымшасын шығара бастады. Бірлігі жарасқан елдің ғана озатынын насихаттайтын қосымша қоғамдық тұрақтылықты сақтау жолдары сарапталатын пікір алмасу алаңына айналды деуге болады. Этномәдени бірлестіктерді қатыстырып, жыл басында өткізілген «Атырау» газетінің «дөңгелек үстелі» де осы тақырыпқа арналған еді. Иә, газет қашан да бірлік тақырыбындағы мақалалардан бас тартқан емес. Ендеше, бұл жеңістерді біз редакция еңбегінің ерекше бағалануы деп қабылдадық.