Праймериз мықтыларды анықтайды

4d25fc7169bfa4ea61698b4c3c6b03b6 Жаңалықтар

Atr.kz/21 тамыз, 2020 жыл.  «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидаты бойынша шынайы және мықты көшбасшыларды партия қатарына тарту, белсенді және бастамашыл азаматтар үшін «әлеуметтік лифт» құру, елді дамыту мәселелерін талқылауға көпшілікті жұмылдыру, аймақтардағы жүйелі жұмыс үшін өзекті мәселелерді анықтау, сондай-ақ, кандидаттардың жеке жауапкершілігін арттыру». Праймериз өткізудегі мақсат та осы. Яғни, басты меже – әлеует, дискриминация және рейтинг. 17 тамызда бастау алған саяси қадам – «Nur Otan» партиясын қайта жандандырудың маңызды бөлігі болып табылатын партияішілік демократияның заманауи тетіктерінің бірі.

Еліміздің Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздің басталуына байланысты Үндеу жариялады.

  • «Бүкіл еліміз бойынша ауқымды праймериз өткізу биліктегі партияның «қайта жаңғыруының» нəтижесі болады» деді Елбасы.

Шыны керек, бұрын-соңды елімізде мұндай партиялық іріктеу өткізілмеді. Халықаралық тəжірибеде кеңінен қолданылып жүрген партия белсенділерін ашық таңдаудың бұл тəсілі елдегі бастауыш партияға үлкен серпін береді деп ойлаймыз. Жалпыға бірдей түсінікті тілде айтатын болсақ, праймериз дегеніміз – партияның əр өңірде өткізетін ішкі сайлауы деуге келеді. Негізгі мақсаты – алдағы Мəжіліс пен барлық деңгейдегі мəслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді көшбасшыларды анықтау. Праймериз арқылы партияның білек сыбана іске кірісетін белсенді мүшелері іріктеледі. Осылайша, партияның халық алдындағы сенімі нығаяды.

«Nur Otan» партиясының мəліметінше, тіркеу басталған алғашқы бірнеше сағаттың ішінде 500-ге жуық отандасымыз праймеризге қатысуға тілек білдірген. Өңірлер арасында ерекше белсенділік танытып отырғаны – Қостанай облысының партия мүшелері. Бұл аймақтан 157 өтініш келіп түскен, Ақмола облысынан – 110. Бастауыш
партия ұйымдары 129 адамды ұсынса, өзге 342-сі – өзін-өзі ұсынып отырған үміткерлер.

Қалай қатысуға болады?

  • – П р а й м е р и з к е з і н д е п а р т и я л ы қ т а р м е н п а р т и я бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, нақты жергілікті мəселелер анықталатын болады. Егер сіз біздің ауданның/қаланың/ облыстың тағдырына немқұрай лы болмасаңыз жəне сіз оны жақсартқыңыз келсе, прай меризге қатысуға шақырамыз! – дейді «Nur Otan» партиясы.

Іріктеуге ж а с ы ж и ы р м а д а н а с қ а н , сотталмаған ҚР-ның азаматтары қатыса алады. Оған тек партия мүшелері ғана емес, сонымен қатар, партиялық емес, бірақ «Nur Otan» партиясына мүше болғысы келетіндер де жіберіледі.

Қалай қатысуға болады?

  • 1 қадам. Егер партия мүшесі болмасаңыз, онда «Nur Otan» партиясына кіру;
  • 2 қ а д а м . « П р а й м е р и з » ақпараттық жүй есіне тіркелу. Тіркеуді «primaries.kz» сілтемесі арқылы немесе «Google Play» жəне «App Store»-дан жүктеп алуға қолжетімді «Primaries» мобильді қосымшасы арқылы өтуге болады;
  • 3 қадам. Өтініш беру жəне қажетті құжаттарды сай тқа немесе қосымша арқылы жүктеу; 4 қадам. Өзінің онлай н өтінімін растау үшін үміткер а у м а қ т ы қ ұ й ы м д а с т ы р у комитетіне жеке өзі келуі тиіс.

С о н д а й – а қ , ө т і н і м д і аудандық/қалалық/облыстық партия филиалы (ұй ымдастыру к о м и т е т і ) м е к е н – ж а й ы бой ынша жеке ұсынуға болады. Бай ланыс телефоны: 8 707 520 77 55 Өтінімдер 2020 жылғы 17 тамыз, сағат 9.00-ден 28 тамыз күнгі сағат 18.00-ге дей ін қабылданады.

Ең таңдаулылар анықталады «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев бастаған топ Махамбет, Исатай, Мақат, Индер, Қызылқоға аудандарында болып, партиялық бақылау комиссияларының мүшелеріне праймериз туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

  • – Кандидаттар праймеризге бастауыш партия ұйымының атынан немесе өзін-өзі ұсыну жолымен де қатысуы мүмкін. Бұл ретте партияның құндылықтарын ұстанатын жəне сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады. Ол үшін праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін «Nur Otan» партиясының қатарына қосылу керек, – деді Нұрлыбек Ожаев.

Жиын барысында «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу тəртібі мен негізгі ережелері жөнінде де кеңінен түсінік берілді. Қосымша айтарымыз, осыған дейін «Nur Otan» партиясы праймериз өткізу, кандидаттарға ұйымдастырушылық жəне құқықтық қолдау көрс ету мəселелері бойынша 8 (800) 080 4441 арнайы желісін іске қосқан болатын.

Соңғы екі айдың өзінде бұл желіге 15 мыңға жуық қоңырау түскен. Сонда белгілі болғаны – праймеризге қатысуға тілек білдіргендердің жартысынан астамы 30 бен 44 жастың аралығындағы азаматтар.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз