Нұрлыбек Бақтығалиұлының «Қайта оралған көктем» атты кітабының тұсаукесері өтті

screenshot 19 Жаңалықтар

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қаламгер Нұрлыбек Бақтығалиұлының «Қайта оралған көктем» атты кітабының тұсаукесері өтті.

​Салтанатты іс-шараға Қазақстанның құрметті журналисі, ақын Төлеген Жаңабайұлы, Қазақстан Журналистер одағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Алма Қалусариева, кітапхана ұжымы және студенттер қатысты.

screenshot 20

Тұсаукесер рәсімінде кітапхана директоры Сара Ізмұхамбетова сөз алып, тәрбиесі мен тағылымы мол іс-шарамен құттықтап, авторға жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, жиынға қатысқан жастарға кітап оқудың маңыздылығы туралы ойын айтып, кітап туралы пікірімен бөлісті.

Кітаптың тұсаукесеріне қатысқан өңірге белгілі журналист Төлеген Жаңабайұлы автордың  «Оралу» атты әңгімесін жоғары бағалап, оған сәт сапар тілесе, қорытынды сөз алған Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрайымы Алма Қалусариева автордың алдағы уақытта да жаңа туындылармен оқырмандарын қуантатынына сенім білдірді.

Кітап авторы Нұрлыбек Бақтығалиұлы қазіргі ғаламтор мен әлеуметтік желінің дамыған уақытында жастардың кітапқа құлшыныс азаймағанына қуанып, тұсаукесерге келген қонақтарға алғысын білдірді.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының шаңырағында өткен кітаптың тұсаукесер рәсімінің соңында өнерпаздар ән айтып, күй тартып, ерекше әсермен тарқасты.

Сәндігүл Қонысқызы,

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің IV курс студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз