ЖаңалықтарҚоғам
БИЫЛ ЖЫЛЫОЙДА ЕКІ МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
«Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте Жылыой ауданының әкімі Хәлел Жамалов мәлімдеді», — деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Аудан әкімінің айтуынша, жыл басынан бері үш мыңнан астам адам жұмыс іздеп хабарласқан. Ал қазіргі уақыттағы жұмыссыздар саны 2 291 адамды құрап отыр.
— 2020 жылы экономиканың барлық салаларында 2 067 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде 827 адам жұмысқа орналастырылды, — дейді Хәлел Жамалов.