Білім күніне орай Атырау қаласының тұрғындары автобуста тегін қатынайды

feb6def6 339e 4ca9 8df8 6c0e3057c6b1 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Бұрыннан да мемлекеттік мереке күндері автобустарға тегін жүру акциялары іске алып келе жатырғанын өздеріңіз білесіздер. Осыған байланысты өзімнің тарапымнан оқу жылының алғашқы күнінің маңыздылығын ескеріп, ата-аналар мен оқушылардың, мұғалімдер мен басқа да қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында автобуста тегін қатынау туралы «Ақжайық», «Атырау», «Алғабус» автопаркі басшыларына ұсыныс білдірген болатынмын. Аталған автопарк басшылары ұсынысымды бірауыздан қолдап, 1 қыркүйек күні Атырау қаласы және қалаға қарасты елдімекендерге қатынайтын барлық маршруттағы автобустардың тегін қызмет көрсетеуге дайын екенін айтты», – деп жазды қала әкімі.

Сондай-ақ,  біркүндік акцияны қолдаған автопарк басшылары мен қызметкерлеріне барша қала тұрғындары атынан алғысын білдіріп,  мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларды, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналарды білім күнімен құттықтады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз