Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайыҚоғам

Биыл Атырауда 2 адам көмірқышқыл газына уланып қаза тапқан

22 қаңтар. Биыл Атырауда көмірқышқыл газына улану бойынша 5 оқиға тіркеліп, салдарынан 2 адам қаза тапқан. Уланған 11 адамның ішіндегі алтауы бала болып отыр.

Улы газ

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Исатай ауданында бір күннің ішінде екі жанұядан 8 адам, соның ішінде 6 бала көмірқышқыл газына уланған. Бірінші жанұядан анасы 4 баласымен, екінші жанұядан анасы 2 баласымен тұншыққан.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қызылқоға ауданында бір жанұядан екі адам көмірқышқыл газына уланып, салдарынан 68 жастағы анасы оқиға орнында қайтыс болды. Ал, 39 жастағы баласы комаға түсіп, 5 күннен кейін ауруханада көз жұмыпты.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың айтуынша, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халықтың ережелермен таныс болуына қарамастан, табиғи және де тұншықтырғыш газдан уланып, өлімге әкеліп соқтырған жағдайлар азаяр емес.

Айқара Ғұмар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button