Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды

imgpreview Жаңалықтар

Үстіміздегі жылдың 10 айында облыс бойынша барлығы 32 643 өтініш тіркелді (жеке тұлғалардан – 25 932, заңды тұлғалардан – 7011). Оның ішінде, 6 357 өтініштер оң шешілген, жер мәселесі бойынша – 3 520 өтініш, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша – 554, әлеуметтік көмек көрсету бойынша – 534, еңбек қатынастары бойынша – 506, азаматтық хал актілері, қорғаншылық тағайындай және басқалары – 276, төтенше жағдай бойынша (пандемияға байланысты) – 222, кәсіпкерлікті қолдау бойынша – 201,денсаулық сақтау – 183, ауыл шаруашылығы – 167, білім беру – 87, жұмыспен қамту – 67 және басқа да мәселелер – 40.

26 286 өтініштер бойынша қолданыстағы заңнамалар шеңберінде түсініктеме берілді.

Бұдан басқа, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерімен 1479 азамат жеке қабылданды, оның ішінде облыс әкімімен  – 114 азамат.

Сонымен қатар, өткен кезеңде облысы әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау жөніндегі фронт-кеңсесіне  жеке мәселелерімен хабарласқан 1800-ден аса азаматтарға заң талаптарына сәйкес кеңестер берілді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі жанынан халықтың өзекті мәселелеріне жауап беруге арналған «109» бірыңғай байланыс орталығына 373 331 азаматтар және «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 378  007  азаматтар хабарласып, қызметтер көрсетілген.

Жергілікті мемлекеттік органдарда азаматтар өтініштерімен жұмыстарды оңтайландыру, заң талаптарына сәйкес оларды есепке алу, тіркеу және қарау бойынша жай-күйін талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз