Атырау көшелеріне заманауи шамдар орнатылды (+ФОТО)

53117674 772461933136292 5793413580925698048 n Жаңалықтар


Atr.kz/6-наурыз. 2019 жыл. Атырауда Тұрғындар қалашығы көпіріне жаңа жарықтандыру құралдары орнатылды.

Көше жарықтарын жаңғырту бағдарламасы аясында 59 жарықдиодты энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлады.

53117674 772461933136292 5793413580925698048 n

– Егер ескі көше шамдары 250 Вт қуатымен жұмыс істесе, жаңа шамдар 150 Вт қуатына ие, алайда олар 2,5 есе жарық береді және қуаттылығы бойынша 400 ватт сияқты жанады , – дейді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жасұлан Қамзаев.

53529124 772461909802961 4049652172940378112 n

Тұрғындар қалашығы және Авангард ықшам аудандарын қосатын көпірде 59 жарық диодты жарықтандырғыш шамдар орнатылды. Жаңа шамдар энергияны үнемдейді және қарапайым шамдарға қарағанда ұзағырақ пайдаға асады деп жоспарлануда.

Бұдан бұрын да хабарлағандай, Атырауда көшелерді жарықтандыруды жаңғырту аясында қаланың 9 көшесінде және қала маңындағы ауылдық округтерде шамдар ауыстырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз