Бір тәулікте 2384 атыраулық коронавирусқа қарсы вакцина алды
Өңірде халықты Сovid-19 індетіне қарсы жаппай вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды atr.kz
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, 28 сәуірде «Спутник V» және «QAZVAC» вакциналарының I компонентін 2384 жергілікті тұрғын алды.
Оның ішінде-121 медицина қызметкері, 149 педагог, 57 полиция қызметкері, 12 студент, 12 жабық мекеме қызметкерлері, 326 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 88 мемлекеттік қызметші, 20 созылмалы аурумен ауыратын адам, 1599 жергілікті тұрғындар бар.
Биылғы 1 ақпан мен 28 сәуір аралығында «Спутник V» және «QAZVAC» вакциналарының компоненттерімен 22612 адам вакцинацияланды. II компонентпен 5789 адам егілді.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет. Өңірде барлығы 25 стационарлық және 6 жылжымалы егу пункті ашылды, оның ішінде сауда орталығындада пункттер бар.