20170826042606

Атырауда Ауғанстанға қашқан содыр 20 жылға сотталды

Жаңалықтар Шаһар шырайы Құқық

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Атырау облысының 28 жастағы тумасы Дамир Зналиевке қатысты қылмыстық істі жабық режимде қарады. Ол Ауғанстанда ұсталып, осы жылдың басында Қазақстанға табыс етілген болатын.

20170826042606

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Зналиев сот отырысы залында болған. Сотта анықталғандай, ол 2011 жылдың шілдесінде Қазақстан азаматтары М.У. мен Х.Р. және Бельгия азаматы М.Г.-мен бірге Пәкістан аумағынан халықаралық «Халифат сарбаздары» лаңкестік ұйымын құрған. Ұйым құрамына Қазақстанның, Тәжікстанның және бірқатар араб елдерінің азаматтары кірген. 2011 жылдың 12 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Зналиев Алматыдағы ҚР СІМ өкілдігі мен Алматыдағы ІІД әкімшілік ғимараттарының аумағындағы жарылыстарды дайындауды ұйымдастырған. Ал 2011 жылдың 28 қазаны мен 30 қазаны аралығында Атыраудағы облыстық әкімдік пен прокуратура ғимараттарының жанында жарылыстар жасауды ұйымдастырған. Тергеу барысында айыпталушының кінәсі дәлелдермен, куәгерлердің жауаптарымен, сонымен қатар, сотталушының өзінің өкінішімен расталды. Ол сол кездегі қолданыста болған ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының бірнеше тармақтары (террористік топ құру, оған басшылық ету, террористік қызметті қаржыландыру, әлденеше рет жарылыс жасау) бойынша кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған