Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен қару тәркіленді

screenshot 19 1 Жаңалықтар

10 қаңтарда Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Mercedes Benz көлігін тексеру кезінде бес патроны бар белгісіз маркалы тапанша мен пышақ тәркіледі.

«39 жастағы есірткілік мас күйдегі жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамады. Жүргізуші мен жолаушының деструктивті діни ағымның жақтаушылары екендігі анықталды», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз